Жыл сайын 1 наурызда Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні мекереленеді. Бұл мереке азаматтарды құтқару үшін өз өміріне қауіп төндіретін жанқиярлық адамдардың құрметіне құрылды.

Бұл мереке 1972 жылы 1 наурызда Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымының құрылуына ұштастырылған. Бүгінгі таңда 50 мемлекет осы ұйымның мүшесі болып табылады және тағы бірнеше ел бақылаушы мәртебесіне ие. Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні жыл сайын жаңа ұранмен өтеді. Биыл мереке «Біздің міндетіміз – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» ұранымен өтті.

Азаматтық қорғаныс міндеттеріне соғыс кезінде халықты қорғау ғана емес, сонымен қатар табиғи және техногендік апаттар мен қарапайым адамдар зардап шегуі мүмкін басқа да төтенше жағдайлар кезінде азаматтарды құтқару кіреді.

Арқалық қала және ауылдарының барлық мектептерінде азаматтық қорғаныс бойынша оқу-жаттығулар өтті. Оқу-жаттығу барысында мектептердің медициналық пункттерінің медицина қызметкерлері оқытушылармен бірлесіп, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша теориялық және практикалық сабақтар өткізді. Сонымен, оқушыларға сынықтар кезінде шиналарды, түрлі жарақаттар кезінде таңғыштар, жүрекке жанама массаж жасау, жасанды тыныс алу және т.б. өз бетінше қолдануға мүмкіндік берілді.

Қазіргі заманда әртүрлі табиғи және техногендік оқиғалар мен төтенше жағдайлар қаупі туындаған кезде, мұндай шараларды өткізу өте маңызды. Ол халықты қауіпті жағдайда мінез-құлық ережелерін үйрету және азаматтардың азаматтық қорғаныс жөнінде білімін тексеруге мүмкіндік береді.