АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

 

МӘМС жүйесіндегі медициналық көмек алудың жеңілдік кезеңі 2020 жылдың 1 шілдесінде аяқталады.

2020 жылдың қаңтарынан бастап, Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілді. 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналар төленгеніне қарамастан көрсетілген.

1 шілдеден бастап, егер адам МӘМС-ке жарналар енгізбесе, ол сақтандырылмаған болып саналады және медициналық қызметтерді тек тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында ала алады. МӘМС енгізілген медициналық қызметтер ақылы негізде қол жетімді болады.

 Егер сіз азаматтардың әлеуметтік қорғалатын санатына кірмесеңіз, ресми түрде жұмыс жасамасаңыз, ЖК болмасаңыз, онда сақтандырылған мәртебені алудың бір жолы бар:

  1. ӘМС-ге айына 2125 теңге мөлшерінде жарна төлеу

немесе

  1. Қала үшін 2651 теңге БЖТ төлеу (ауыл тұргындарына 1326 теңге).

 

БЖТ төлеу айлары еңбек өтіліне есептеледі, сәйкесінше зейнетақы жинақтары да өседі, сонымен қатар сақтандыру тәуекелі туындаған кезде жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді алудың мүмкіндігі туады, сақтандырылған мәртебесі бар медициналық қызметтердің кеңейтілген тізімін алуға болады, яғни адам өзінің мәртебесін ресімдейді, «көлеңкеден шығады » деп айтуға болады.

Өз бетінше жұмыс жасайтын азаматтарға БЖТ үнемі төлеуге тура келеді, өйткені өткен кезеңдегі БЖТ төлеу мүмкін емес. Төлемдер ағымдағы ай үшін немесе алдын-ала қабылданады.

МӘМС немесе БЖТ жарнасын Kaspi.kz қосымшасы, төлем терминалдары, банктің кассаларында немесе қазпошта бөлімшесі арқылы төлей аласыз.

Барлық сұрақтар бойынша медициналық сақтау Қорының байланыс орталығының 1406 нөміріне тегін қоңырау шала аласыз;

МСҚ Қостайнай филиалы 8 775 410 84 16

 


 

 

 

 

 

 

 

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі дегеніміз не?

МӘМС қатысушылары үшін жаднама